Background

ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ

ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ СЕНІМДІЛІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ

Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру құзіретті шешімдер қабылдау үшін негіз бола алатын зерттеулер, есептеулер және қорытындылар кешені болып табылатын қауіпсіздік жүйесінің негізгі құраушысы болып табылады. Ғимараттар мен құрылыстарды тексеру: жоспар бойынша; түрлі апаттар мен төтенше жағдайлардан кейін; күрделі жөндеу немесе қайта жабдықтау алдында; сатып алу-сату үрдісі кезінде нысанды бағалау үшін жүргізіледі.

Мұндай сараптаманың нәтижесі сотта және ведомство аралық дауларда маңызды дәлел болуға қабілетті заңды құжат болып табылатын есепте ұсынылады.

project

ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ СЫРТТАЙ ҚАРАУ, БҰЗБАЙ БАҚЫЛАУ, АҚАУЛАРДЫ ФОТСУРЕТПЕН ТІРКЕУ, АЛЫНҒАН СЫНАМАЛАРДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ КӨМЕГІМЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

Бұл санаттағы сараптама жұмыстарына арнайы аттестаттары және дипломдалған біліктілік дайындықтары бар орындаушылар тартылады.

Ғимараттар мен құрылыстарды уақытылы техникалық тексеру зерттелетін нысанның шынайы жағдайын анықтай отырып, қолдану тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.