Background

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

«Atyrau City» компаниясы кез келген мақсаттағы өндірістік ғимараттардың құрылысы кезінде техникалық қадағалауды жүзеге асырады. Біз әкімшілік, кеңсе, сауда, қойма және ғимараттардың өзге түрлерінің құрылысына олардың ауданы мен қашықтығына қарамастан қадағалауды жүзеге асырамыз.

«ATYRAU CITY» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ПРОЦЕСІНІҢ САПАСЫН ТИІМДІ БАСҚАРУҒА ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАРҒА ИЕ.

Әкімшілік және өнеркәсіптік ғимараттарды салу кезіндегі техникалық қадағалау (техқадағалау) құрылыс-құрастыру жұмыстарының, мердігер пайдалантын материалдардың сапасын, құрылыс өндірісінің нормалары мен технологияларының сақталуын қадағалау үшін қажет. Техқадағалауды жүзеге асыру және күрделі техникалық мәселелерді шешу құрылыстың барлық кезеңдерінде жүргізіледі.

project

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ТАПСЫРЫС БЕРУШІ МЕН МЕРДІГЕР АРАСЫНДАҒЫ ТОЛЫҚ ТҮСІНІСТІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН БІРҚАТАР ШАРАЛАРДЫ ҚАМТИДЫ.

Техникалық қадағалаудың міндеті: нысанда болу, орындалатын жұмыстардың жобалық шешімдерге, жобалау-сметалық құжаттамаға, ҚНжЕ сәйкестігін қадағалау. Техникалық қадағалау бүкіл техникалық құжаттамалардың болуын және дұрыс жүргізілуін бақылайды. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тапсырыс берушіні хабардар етеді.