Background

құрылыстарды, үймараттарды және орынжайларды тех. тексеру және төлқұжаттау жүргізуді сүйемелдеу

ТЕХНИКАЛЫҚ ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ

“Atyrau City” ЖШС өз клиенттеріне мемлекеттік техникалық тексеру және жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжат жасау процестерін сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.

БТИ жұмысының ерекшеліктерін білмеу, қажетті құжаттар пакетін рәсімдеуде тәжірибенің болмауы, әдетте қажетті құжаттаманы беруді кейінге қалдыруға немесе тіпті одан бас тартуға әкеледі. Құжаттарды қайтадан тапсыру қажеттілігі туындайды.

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАСАУ МЫНАЛАРДЫ ҚАМТИДЫ:

- нақты шекаралары белгіленген және оған құрылыстар мен үймараттар салынған жер телімінің жоспары;

- телімде орналасқан негізгі құрылыстардың қабаттық жоспары;

- жер телімінде орналасқан барлық құрылыстар мен үймараттардың құрылымдық элементтерінің, олардың техникалық жағдайын анықтаумен қоса техникалық сипаттамасы;

- есептеу жұмыстарын жүргізу және тексеру нәтижелерін жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатына енгізу, әрі қарай олар «Құқықтық кадастр» жүргізу кезінде тіркеу парақтарын толтыру үшін қолданылады.

project

БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ НЫСАНДАР, МҮЛІКТІК КЕШЕНДЕР (КӘСІПОРЫНДАР, КОНДОМИНИМУМ ОБЬЕКТІЛЕРІ), ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ НЫСАНДАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Мемлекеттік техникалық тексеру бастапқы және одан кейінгі тексеруді, сондай-ақ ғимараттарға, үймараттарға және олардың құрамдас бөліктеріне кадастрлық нөмірлер беруді қамтиды.

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру барысында ғимараттардың, үймараттардың және олардың құрамдас бөліктерінің Құқықтық кадастр жүргізуге қажетті техникалық, сәйкестендіру сипаттамалары анықталады.

Техникалық сипаттамаларды анықтау жөніндегі жұмыстар жылжымайтын мүлік нысанын бастапқы және кейінгі тексеру болып бөлініеді.

Бастапқы тексеру жаңадан салынған жылжымайтын мүлікке жүргізіледі. Жылжымайтын мүлікті бастапқы тексерудің нәтижелері бойынша техникалық қөлқұжат жасалады.

Ғимараттардың, үймараттардың және олардың құрамдас бөліктерінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары оларды жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде өзгерген жағдайда, мұндай сипаттамалардың өзгерістері техникалық төлқұжатта кейінгі тексеру жүргізусіз көрсетілетін жағдайларды, оның ішінде кадастрлық нөмір, орналасқан жері өзгерген жағдайларды қоспағанда кейінгі тексеру жүргізіледі.