Background

ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕСТІРУЛЕР

«ATYRAU CITY» ЖШС ҚҰРЫЛЫСҚА АРНАЛҒАН ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕСТІРУЛЕР ЖҮРГІЗЕДІ

- инженерлік-геодезиялық іздестірулер;

- инженерлік –геологиялық іздестірулер;

- инженерлік -геокриологиялық іздестірулер;

- инженерлік -гидрометеорологиялық іздестірулер;

- инженерлік -экологиялық іздестірулер (мобилизациялық, далалық, зертханалық және камералды жұмыстар);


Инженерлік іздестірулер құрылыс қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі болып табылады, кез келген құрылыс және нысандарды қолдану солардан бастау алады. Инженерлік іздестірулердің қилы түрлерін біріктіретін кешенді тәсілдеме құрылыс алаңдарын, ғимараттарды және үймараттарды жан-жақты және уақытылы тексеруге мүмкіндік береді.

project

ҚҰРЫЛЫСҚА АРНАЛҒАН ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕСТІРУЛЕР

- бұл, жобаланатын құрылыстың ауданының, учаскесінің, жолының табиғат жағдайларын, жергілікті құрылыс матреиалдарын және сумен жабдықтау көздерін кешенді зерделеуге және жобалау және құрылыс кезінде қоршаған ортаны тиімді пайдалану және қорғау ескерілген экономикалық тиімді және техникалық жағынан негізделген шешімдер жасақтауға қажетті және жеткілікті материалдар, сондай-ақ құрылыстың және кәсіпорындарды, ғимараттарды және үймараттарды қолданудың әсерінен болатын қоршаған ортаның өзгерістерін болжау үшін қажетті мәліметтер алу үшін жүргізілетін жұмыстар.